ҮШ ҚЫЗ
Күйеуге шыққысы келетін ақылды аруларға арналған астарлы әзіл әңгіме
Апалы - сіңлі үші қыз өмір сүріпті. Үлкен қыз өте жалқау болатын, ортаншы қыз зұлым еді. Ал кішкентай қыз сондай әдемі, ақылды, пысық, мейірімді еді. Бірде қақпаның алдына арба келіп тоқтады. Кім келгенін көруге үйден қыздар жүгіріп сыртқа шықты. Арбаның үстінде бейтаныс бір апатай отырды.
Қыздар:
- Сіз кімсіз,- деп сұрады.
- Мен сендердің Тағдырыңмын, қыздарым. Сендерге тұрмыс құратын уақыт жетті, - деді де арбаға отырғызып күйеуге беруге алып кетті.
Олар бірінші ауылға жетті. Ауылдың етегінде жер жыртып жатқан бір жігітті көрді, кез келген жұмыстың көзін табатын пысық жігіт екені көрініп тұр. Егер бірдеңе бұзылып жөндеу қажет болса бүкіл ауыл осы жігітке қарай ағылады екен.
- Міне, бұл жігіт сенің күйеуің, - деп Тағдыр үлкен қызды түсіріп кетті.
Екі қызды отырғызып алып ары қарай кетті. Тағы бір ауылға келіп тоқтады. Бұл ауылда тамаша ақкөңіл жігіт өмір сүреді екен. Ол ешкімнен көмегін аямайтын жомарт жігіт екен. Жігіттің осы қасиетіне қарап бүкіл ауыл жақсы көреді екен.
- Міне бұл сенің теңің,- дейді де Тағдыр ортаншы қызды арбадан түсіріп, кіші қызбен бірге ары қарай кетеді.
Бұлар үшінші ауылға келіп тоқтады. Ауылдың соңына қарай бір үйдің алдында араққа тойып алған мас жігіт топырақта аунап жатыр.
Тағдыр апатай арбаны тоқтатып: - Міне, қалқам, бұл сеніңкі,- деді.
Кенже қыз: - Қойыңыз, бұл менің теңім емес, - деп шошып кетті. Мен ақылды, әдемі жақсы қыз емеспін ба? Ал сен болсаң маған сондай жаман күйеу жігітті әкелесің. Әне, менің әпкелерімді тамаша күйеуге жолықтырдың, маған да сондай жігіт жоқ па? - деді.
- Еееееееееееее.........., - деп күрсінген Тағдыр: - Басқасы бар ғой, бірақ сенсіз мынау сорлы құрып жоғалады, сен оны адам қылып, аяққа тұрғызасың дейді.
Дайындаған: Жадыра.