26.05.2023
  257


Автор: Әсерлі әңгімелер жинағы

Август Салеми. «Заманауи медицина».

 


 


Көзді шағылыстырған фар шамы, естен тандырған сай-сүйектің сықыры, сүйектен өткен сызат, шегіне жеткен жан қинау, азап, содан кейінгі жып-жылы, тән еліткен таза көк сәуле. Джон өзін мұншама бақытты, жап-жас, еркін сезініп көрген емес. Сәулелі шұғылаға жақындай түсті.


 


Дерт пен қараңғылық ертелі-кеш қайта оралды. Джон жаймен болса да, үлкен күшпен ісініп кеткен көзін ашты. Бинттер, түсініп болмас трубкалар, гипстер. Екі аяқ бұрын-соңды жоқ болғандай. Жыламсыраған жары.


 


- Сен аман қалдың, қымбаттым!





Пікір жазу