26.05.2023
  138


Автор: Әсерлі әңгімелер жинағы

Чарльз Энрайт. «Елес».

 


 


Орын алған жайттан соң бірден әйеліме қайғылы хабарды жеткізгім келіп үйге асықтым. Бірақ, ол мені тіптен тыңдап отырмаған көрінді. Ол менің бар-жоғымды да елемеді. Менің арт жағыма көз тастады да, өзіне шарап құйып алды. Теледидар қосты.


 


Осы уақытта телефон қоңырауы шылдыр ете қалды. Жақындап барып, телефон тұтқасын алды.


 


Мен оның қабағы қалай шытылып бара жатқанын көрдім. Ол ащы жылап жіберді.





Пікір жазу