26.05.2023
  120


Автор: Әсерлі әңгімелер жинағы

Жұмыстан келе жатсам, метроның жанында бір ақсақал отыр. Алдындағы жаймада күллі орден-медалі жатыр. Сатып, күн көрісін айырып отырған түрі. Жанына келдім де, қалтамдағы бар ақшамды жаймасының үстіне төге салдым. «Менің ақшамды алыңыз. Бірақ арыңыз бен ерлігіңіздің қадіріне жетпейтін адамдарға орденді сатпаңызшы!» дедім. Ардагер көзіне жас алды. Ақшамды қалтасына салды да, ордендерін жинады. «Рахмет, қызым!» деді. Осындай сәтте бүкіл әлемді өзгертіп жіберетіндей боп кетем.





Пікір жазу