26.05.2023
76
Сауда орталығында құрбым екеуміз қыдырып жүрген едік. Жарнаманың викториналық ойынына қатысып, жұмсақ ойыншық ұтып алдық. Жанымызда ақыл-есі кемдеу баласын жетектеп жүрген бір әке болды. Біз ойыншықты сол балаға беріп кеттік. Ол бізге «рақмет» деді. Әкесі соны естіп жылай жаздады. Баласы көптен бері сөйлемей кеткен екен.