26.05.2023
88
Еркіндік – елік зулаған...
Еркіндік – елік зулаған,
Еркіндік–дала, хас қыран.
Еркіндік– бұлақ тулаған,
Босанып жердің астынан.
Күлімдеп көзі аспанның –
Бар әлемге нұр септі.
Мейірімі,
Құты қашқан кім?!
Сұлулықты атты-ау,
Гүрс етті..
Дей алам қалай, қарағым,
Еркіндікке бұл жоқ дұшпан?!
Суреті қапты даланың
Елік көзінде оққа ұшқан.