26.05.2023
  84


Автор: Серікбай Оспанов

Көктем мен қыс

 


Жоқ мұзы, қары көлдің де,


Көктем мен қатал қыс жақсы


тұра алмайды!


Көрдің бе?


Тағы да, әне, ұстасты.


 


Байқап будың ұшқанын,


Жел де қызып, желікті.


Тауда қалған Қыс қарын


Егіл-тегіл ерітті.


 


Кімнен,


Неге жүр қашып,


Ақша бұлттар өтті ойлы.


Бар қызуын Күн шашып,


Қарды мүжіп,


Жеп қойды.





Пікір жазу