meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.05.2023
  119


Автор: Серікбай Оспанов

Аспанның...

«Аспанның


Жердің тағдыры–


деп- Адамзат қолында!»


Жағалай қырдық жандыны,


Қалдырмай пана орын да.


 


Қопарып тауды,


Тас жарып,


Даланың тіліп жонын да,


Тас-талқан етіп тастадық


Қарамай көң бе,


Қорым ба?


 


Отын болды елге орманы,


Оңын да,


Жырттық солын да.


Екі аяқтылардан сорлады–


Тұлпарды сойдық соғымға.


 


Көнеге айналды соның да,


Жыртылды жидең,


Тоның да!


...Табиғат,


Қандай болып ең


Екі аяқтылардың жоғында?!





Пікір жазу