26.05.2023
  753


Автор: Халықаралық балалар күні

Балапаным, құлыным!

Балапаным, құлыным,
Ұзақ болсын ғұмырың!
Денсаулығың мықты боп,
Гүл жайнасын өмірің!
Балалығың тәтті боп,
Қуанышын сыйласын!
Бар әлемнің жақсысын,
Бір өзіңе жинасын!
Әрбір күнің қуантып,
Жақсылығын берсін тек!
Балапаным, құлыным,
Жүрші аман, күлімдеп!
Қандай сынақ болса да,
Жасымасын көңілің!
Жандана түс лайым,
Гүлдей жайнап өмірің!
Өміріңде жан балам,
Қайғы-мұңың болмасын!
Жаратқаным жар болып,
Бір өзіңді қолдасын!
Таңың атып арайлы,
Шуақты күн жалғассын!
Күнің батып шырайлы,
Көңілге күй арнассын!
Балалығың бал күнің,
Күннің берсін тәттісін!
Өзіңе біз тілейміз,
Барлық күннің жақсысын!
Балалардың күнінде,
Жайнай түссін көңілің!
Балалық шақ бақ сыйлап,
Жарқырасын өмірің!
Әумин!
Жібек Искакова





Пікір жазу