25.05.2023
191
Жақсы тәрбие берейік
Балаларға әрдайым,
Жақсы тәрбие берейік.
Жақсы бол деп үйретіп,
Жақсылыққа сенейік.
Кезігетін өмірде,
Жамандықтан қорғайық.
Тыңдап сөзін баланың,
Балаларды қолдайық.
Бірінші маусым мереке,
Мерекеде жайнайық.
Балаларша бұл күні,
Асыр салып ойнайық...