25.05.2023
169
Балалы үй базар бұл
Балалы үй базар бұл,
Шаттығымен тербейтін.
Қаяу түссе жаныңа,
Тәтті үнімен емдейтін.
Бала деген ғажайып,
Өмірге мән беретін.
Мұңайғанда бір сәтте,
Көңілге сән беретін.
Ертеңіміз ғажайып,
Бала өмірдің жалғасы.
Таудан аққан бұлақтай,
Таза көңіл арнасы.