25.05.2023
54
![](/uploads/shorttexts/author_image/y5oj74aaihy.jpg)
Балаларсыз біз кімбіз?!
Балаларсыз біз кімбіз,
Ертеңіміз жоқ болар.
Балаларсыз біз кімбіз?
Мұңымыз да көп болар
Балаларсыз біз кімбіз,
Баласыз күн от болар.
Балаларсыз біз кімбіз?
Күйіміз жоқ тоқ болар.
Балаларсыз біз кімбіз,
Мәні болмас өмірдің.
Балаларсыз біз кімбіз,
Сәні болмас көңілдің.