25.05.2023
130
Бұл өмірдің сәні олар
Күнді нұрлы ететін,
Бұл өмірдің сәні олар.
Өміріңнің жалғасы,
Бұл өмірдің мәні олар.
Шырқап айтар қашанда,
Айтылатын әні олар.
Ата-ананың мақтаны,
Өзгермейтін жаны олар.
Қуантатын біздерді,
Шуақты атар таңы олар.
Кім десеңіз айтайын,
Әрине ол — балалар
Жібек Искакова