25.05.2023
  86


Автор: Нұрмахан Назаров

Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар!

Құтты болсын Наурыздарың, бауырлар!
Көне шаһар, арып-ашқан ауылдар!
Сiз бен бізді жарылқайтын тек қана,
Көктемдегі нөсерлеткен жауындар.
Жүзi күлген мырзалар мен ханымдар.
Жетсе дәулет, болса намыс, қаның бар.
Ол дүниенi көрiп келген ешкiм жоқ.
Бұл дүниенiң қызығына қаныңдар!
Қутты болсын Наурыздарың, туыстар!
Нар жiгiттер жорықтарда ту ұстар.
Құрсаулаған торын бұзып нарықтың.
Күн де туар біз де доллар уыстар?!
Туар ол күн сәл кешiгiп, кідіріп.
Қиындықпен күрессек бiз бiр жүрiп.
Тұздап, жайып қоярмыз-ау шарбаққа,
«Жыртқыштардың» бас терісін сыпырып!
Одақтасса орда бұзар кедейлер,
Tiзe қосып қимылдаса сендейлер.
Opтa, кiшi кедейлердi, Үкімет,
Орта, кiшi бизнесiңмен демей гөр!
Тойда – Құран, Құдайыда әнін сап,
Қазекем-ай, қалта таяз, жаны – шат.
Бүгiн-ертең зауыттардан қайран жоқ.
Егінiңдi ек, терiңдi төк, малың бақ!
Шырылдаймыз, шымырлаймыз кiм үшiн?
Ертең үшiн, ертеңгі ұрпақ күнi үшiн.
Я, Жасаған! Байлық, дәулет бiр келер.
Ең алдымен елiмнің бер тынышын.





Пікір жазу