25.05.2023
108
Оңтүстiктiң қыздары-ай
Мойыл қара көздерi,
Шекер мен бал – сөздерi.
Гүлдер шоғы секiлдi,
Топ боп шығар өздерi.
Бiр көргеннен сiздердi,
Жүрек шiркiн сыздар-ай.
Ынтық қылған бiздердi
Оңтүстiктiң қыздары-ай!
Албыраған жүзi бар,
Көрген адам қызығар.
Ұстаз көрген шәкiрттей
Көп алдында сызылар.
Сөз маржанын төк мейлi,
Тым елжiреп кетпейдi.
Ер кiсiнiң ешқашан
Алдын кесiп өтпейдi.
Қасы-көзi қияқты,
Бiлетiн ар-ұятты.
Әдептiлiк, әсемдiк
Жәрмеңкесi сияқты.
Омыраусыз, жағасыз,
Қысқа көйлек кимейдi.
Мың бұралтып, құбылтып,
"Құдашаға” билейдi.
Өткiзiп ап уақытты,
Ыстық жүрек мұздар-ай.
Ойымнан бiр кетпейсiң,
Оңтүстiктiң қыздары-ай...