25.05.2023
167
Түнгі элегия
Айға қарадым…
Қолмен сызғандай, тұрысы қияқты,
Сізде хабарсыз кеттіңіз, жартысы жарық,
Жартысы қараңғы бейне бір осы ай сияқты.
Мына ай, қашан толысады екен,
Келіндей керіліп қанбаған жерікке…
Менде сол, ойланып қоям,
Күндей айналып, ілінген белдікке…
Ай да мазасыз…
Тұратын емес қой жылыстап,
Жалғамадық па,
Аспан мен жердің арасын дұрыстап.
Мəңгіліктерден де мəндірек сіз боп тұрсыз ғой,
Қай күні келерің белгісіз,
Қолыңа гүл ұстап…