24.05.2023
104
Сенсің менің жүрегім
Балапаным, асылым,
Сенсің менің жүрегім.
Күлімдей түс күн сайын,
Саған айтар тілегім.
Балалардың күнімен,
Құттықтаймын мен сені.
Әр күн сайын құлпыра,
Биік ұста еңсені.
Балғын бала күндерің,
Қуанышпен тербесін.
Жаратқаным жар болып,
Қиындығын бермесін!