24.05.2023
101
Балапаным, жан гүлім
Балапаным, жан гүлім,
Сәтті болсын әр күнің.
Құтты болсын мерекең,
Жанды тербеп ән-жырың.
Балалығың жақсы өтіп,
Жанымызды гүлді етіп.
Өсе берші жан қызым,
Әрбір күнді нұрлы етіп.
Мерекеде бүгінгі,
Шаттана түс лайым.
Балдай тәтті бал қызым,
Жарқырасын Күн, Айың.