24.05.2023
92
Қуанышым өзіңсің
Қуанышым өзіңсің,
Ардағымсың аңсаған.
Бірінші маусым күнімен,
Құттықтаймын жан балам.
Балалардың күнімен,
Құттықтаймын құлыным.
Аман жүрші жан балам,
Ұзақ болып ғұмырың.
Сен деп соғад(ы) жүрегім,
Бір өзіңсің бақытым.
Сеніменен жан балам,
Қызықты өтуде уақытым.