24.05.2023
  64


Автор: Халықаралық балалар күні

Балам менің ардағым

Балам менің ардағым,
Орындалсын арманың.
Қуанышта,  шаттықта,
Атып әрбір таңдарың.

Балапаным,  құлыным,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Шаттана түс,  қуана,
Жанды тербеп қылығың.

Балапаным,  жүрегім,
Сәтті болсын күндерің.
Мықты болып саулығың,
Аман болшы тілерім.





Пікір жазу