24.05.2023
110
Уайымсыз кім бар
Адамның бəрі бақытты деп,
Кім айтты сізге,
Тал-қайыңды да қоңыр жел,
Мұңайтты күзде.
Жапырақсыз жалаңаш қайыңда мұң бар,
Айтыңызшы,
Жалғанда уайымсыз кім бар?!
Адамның бəрі риза деп,
Айттыма біреу?!
Жабырқап ойың жағадан,
Қайтты ма жүдеу…
Бақыттың басы,
Тірліктің дəмін татқаның.
Көргенім жоқ адамның,
Сүттен аппағын.
Біреулерде байлық бар,
Тыныштығы жоқ.
Біреулердің күйі жоқ,
Ырыс-құты көп.
Бақытты деп кім айтты,
Адамдар ылғи,
Құлдырасаң қуанар,
Еңіс пен ылди.
Нан қадірін,
Тапқанның таңдайы білер.
Тер қадірін,
Диханның маңдайы білер.
Бақыт деген,
Тырбану, құламау үшін…
Бақыттылар кімдер деп сұрамау үшін!
Жапырақсыз жалаңаш қайыңда мұң бар,
Айтыңызшы..
Жалғанда уайымсыз кім бар?!