24.05.2023
  110


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Досыма

Тұма жырға тұрып қалған тұнықсың,
Бірде көлсің, бірде аспансың, қызықсың.
Парақша да жып-жинақы жігітсің,
«Елім» десең, дауға көнбес «бұзықсың».
Сол мінезің бақытыңа айналып,
Ханға бермес, қарашаның қызы ұқсын!
Кептер-жырым керегеңнің көзінен,
Өтіп барып кеудеңізде тынықсын.
Құрсағынан құтты ананың шыққансың,
Тай тұяқтан кертіп алған сынықсың!





Пікір жазу