24.05.2023
80
Біз кездескен жер осы
Біз кездескен жер осы Есіл ме еді.
Есіл суға шақырдың несін мені?!
Есіл сыйып кеткенмен жанарыма,
Сен сыймадың қымбаттым, кешір мені!
Біз кездескен жер осы, жағалау ма,
Жағалауды шақырдың аралауға.
Сенің анау сүйсінген жанарыңа,
Тырысқанмын әйтеуір қарамауға.
Біз кездескен жер осы мүйіс пе еді,
Сырларыңды айтқансың жиі іштегі.
Есіл сырлар егесіз кетті бірақ,
Есіл болып мүйіспен түйіспеді!
Біз кездескен жер осы Есіл ме еді.
Есіл суға шақырдың несін мені?!
Есіл сыйып кеткенмен жанарыма,
Сен сыймадың қымбаттым, кешір мені!