24.05.2023
  114


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Өкпем жоқ менің

Кей-кезде көңіл,
Алайда-түлей,
Бет қаратпайтын дауылдай.
Кей-кезде аптап,
Жер төсін баптап,
Шілде де құйған жауындай.
«Мұныңыз не» деп,
Сөге көрмеші,
Негізі, көңіл иілгіш,
Адамның бəрін,
Жақсы көремін,
Жатыры ортақ бауырдай.
Жылап та алам,
Сынақта қалам,
Пендемін менде білгейсіз.
Идіріп күнді,
Емемін жырды,
Күлгейсіз, мүмкін «дүр» дейсіз.
Өкпем жоқ саған,
Болыңыз аман,
Тіршілік деген, тырбану,
Көңілде кірбің,
Менсіз де, кімнің,
Шекесі қызып жүр дейсіз…





Пікір жазу