24.05.2023
  97


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сезімің қайда

Қабағыңа қарадым...
Күлімдемейсің!
Жым-жырт үнсіз,
Тілсіз-ақ жырымды егейсің.
Жарқ етпейсің, жасыным —
Жақындап келіп,
Баяғынша сыбырлап «гүлім» демейсің!
Бағынбайды басталған тиексіз арман,
Мен өзіңе, сен маған тірексің қарғам!
Жанарыңмен сүймегін,
Сезімің қайда?!
Жүрегімді берейін,
Жүрексіз қалсаң!
Сені əйтеуір, мендік ой қорғайтын еді.
Жылы сөзде қалмапты жолдайтын тегі.
Үзеңгісін үміттің үзіп тастамай,
Үкі тағып, үздіксең болмайтын ба еді?!
Көңіліңнен көктем қүс ұшпағанынша...
Өр кеудеңе сезіммен қыспағаныңша...
Анаааууу жақтан мен сені іздеп келмеймін,
Өзің келіп қолымнан ұстағаныңша!..





Пікір жазу