24.05.2023
  108


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сыңар күн, сыр

Сізді ойласам мендік шыдам шеңберінен шығатын,
Жүрегімнің қоңырауы, сыңғыр-сыңғыр ұратын.
Кірпіктерің айқасқанда айдың нұрын жамылып,
Ұрланып кеп, терезеңді қаққым келіп тұратын.
Қорған тұтқам, елемегем, жезден жылдам жел өтін,
Үлпек сезім үрікпейтін, үр-қиялға сенетін.
Қара түннің бұрымына жұлдыз болып тағылып,
Жабығыңнан жанарыңа сығалағым келетін.
Күлімдесе дидарыңыз, өз-өзінен өрт денем,
Өрт денеге өзіңізсіз дендеп кірер дерт деген.
Əттең шіркін, ақ параққа айшықтайтын жүзіңді,
Неге осы, қолыңдағы қаламың боп кетпегем.
Сізсіз кешкен сыңар күндер, сұрықсыз ғой қайғы анық,
Жүрегіңді жұлқып-жұлқып, кетсем бе екен жəй барып.
Сосын, сосын,
Мына əлемде іздемеймін басқа бақ,
Мен өзіңе, ал сіз маған кетер болсақ айналып!





Пікір жазу