24.05.2023
  119


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сары күз, сары қыз

Келген кезде табиғатқа күрең күз,
Тартты уайым иіріміне түрі өңсіз.
Жез қоңырау жүрегімде ойнады,
Қағып-қағып кеткендей бір «жүгенсіз.»
Сосын, сосын,
Оңалғандай бір ісім.
Жапырақтай жүрегім-ай, бір үзім!
Күлдір-күлдір күмбірлеткен кеудемді,
Сіз екенсіз,
Күзбен келген тынысым!
Алтын жиек,
Аққу мойын тағым сіз.
Тырна-тізбек,
Өтпесін күн тағы үнсіз.
Жүрегімді мұздатпаңыз онсыз да,
Сары күзге тоңып қалды Сары қыз!





Пікір жазу