24.05.2023
107
Үшбу хат
Тынышымды алып, ұрлаған түнгі ұйқымды,
Беймаза шақта кеудеме келіп күй тұнды.
Сіз жақтан келген хаттарда сиқыр сезім бар,
Сіз жақтан соққан самалда сондай сүйкімді!
Жүрегім бе екен, қуанып күнге ұмтылды.
Көмкеріп жатыр, керемет бір күш күлкімді.
Алтын көпірдей араны жалғар үшбу хат,
Кешігіп кетсе күрсініп қалам біртүрлі!