24.05.2023
  74


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сен ғанасың айыпты

Жанарымның жарқылына жиып мұң,
Мені қандай құдіретіңмен ұйыттың.
«Кете бер» деп танытсам да өрлікті,
Ұмыта алмай жүрмін əлі, сүйіктім!
Кімсің өзің,
Бағымсың ба байланған.
Неге, неге,
Кездескенсің қай маңнан?!
Мең-зең ессіз есалаңдау сезіммен,
Саған ғана ақ саусағын жайды арман.
Сен сияқты,
Маған ғана лайықты.
Жанға қимас,
Жақынымсың байыпты.
Бір күндері ақыл естен айырылсам,
Оған жалғыз,
Өзің ғана айыпты..!
Салып қойған шығармын да уайымға,
Маған қайта, сезіміңді дайында!
Ақылымнан айырылмас ем, ардақтым,
Ғашық етпей жүргеніңде, жайыңа!





Пікір жазу