23.05.2023
98
Соңғы қоңырау соғылды
Соғылды соңғы қоңырау,
Қоштасамыз бәріміз.
Жаңа оқу жылында,
Қауышамыз тағы біз.
Алтын ұя мектебім,
Хош бол кетіп барамын.
Алда жазғы демалыс,
Күзде қайта боламын.
Білім берген біздерге,
Ұстаздарым рахмет.
Шын жүректен сіздерге,
Қып жүреміз біз құрмет.