23.05.2023
  108


Автор: Соңғы қоңырау күні

Соңғы қоңырау

Соғылды соңғы қоңырау, жылдың соңы,
Есік ашып демалыс күндері бұл.
Қоштасады Түлектер мектебімен,
Жүру үшін тағы да ілгері бұл.

Қимайды олар мектебін, ұстаздарын,
Мектепте өткен ғажайып қыс, жаздарын.
Түлеп ұшқан түлектер биік самғар,
Жету үшін қолға алып ізгі арманын.

Қоштасады мектеппен, ұстаздармен,
Басын иіп Түлектер қимай бәрін.
Мектебіне қарайды қайта-қайта,
Ұмытылмас жүрекпен шырқап әнін.





Пікір жазу