22.05.2023
  121


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Қазақы қыз

Құрап алып қиялыңан басқа аңыз,
Қасиетті ғұрпымыздан аспаңыз.
Жалтаңдамай жігітіне өзге елдің,
Өзгерісті өзіңізден бастаңыз.
Темекі ме, терлеп ішер ас емес,
Тамырыңа тарамасын тастаңыз!
Ұнау үшін жігітіне Қазақтың,
Ұзын көйлек киюден де қашпаңыз.
«Түнгі клуб» түнгі былық көпірі,
Қателесіп, қия жерін баспаңыз.
Қасқыр тектес Қазақы ұлға арналған,
Өрт құшақты, өзге ешкімге ашпаңыз.
Сеніміне селкеу салсаң серілер,
Таңдап кете салады ғой басқа қыз!
Иығына иілгенше жүк артып,
Жүрсе дағы бұл жандардың құны артық.
Өбектеген жігітінен өзбектің,
Мəрт мінезді, Қазағымның ұлы артық!
Дертің бе еді, салт жоғалту дендеген,
Шуу асауды көрсем дегем, кермеден.
Кəрістердің итіне ас бергенше,
Жақсы емес пе, Құлагерді жемдеген!
Санатынан иба иманды сыздырып,
Жақсы емес қой, кеткені жау жүз күліп.
Анаң сені туған емес, жүрсін деп,
Негрлердің небір қанын қыздырып!
Жастық дəурен мезгілімен гүлдейді,
Үсікте ұрар, оған əмір жүрмейді.
Қарапайым Қазақ қыздың қадірін,
Қазақы ұлдан артық ешкім білмейді!
Құрап алып, қиялыңнан басқа аңыз,
Қасиетті ғұрпымыздан аспаңыз.
Жалтаңдамай жігітіне өзге елдің,
Өзгерісті өзіңізден бастаңыз!





Пікір жазу