22.05.2023
  83


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Мүмкін мен де

Өкпелегенмін,
Жетегінде жылдардың кеткен өмірдің,
Кімге қызық, айтшы өзің кімге мазалы,
Арманыма жеткенім, жетпегенімнің...
Мендегі жалын,
Біреулердің расын да, емдеді жанын.
Ал, өзімнің ақ ерке сағынышымды,
Қайран өлең, басуға келмеді халің...
Ұрладың ба екен,
Періштедей жанымның, жырларын бөтен.
Өз отына өртенген, өксік өлеңім,
Өгейсіген кеудеңді, тырнады ма екен...
Күйбелең менің,
Күйкі тірлік пе, көңілсіз сүйрелегенім.
Ұмтылып келіп, ұсынсаң тамшыдай бақыт,
Мүмкін, мен де сүюді үйренер ме едім...





Пікір жазу