22.05.2023
  82


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сен едің

Сен едің, бəйтерегім,
Сырбаздау, сезіміңе жəй келемін.
Жібектей жүрегімді тіліп өтпе,
Қапыда, жылап қалсам қайтер едің?!
Сен едің, сенгенімде,
Кеудеме керімсал əн, бермедің бе.
Жалғанның жасынындай жан едіңіз,
Теңейін мен өзіңді, жерде кімге?!
Сен едің, ақ пырағым,
Мен өзі, жүйріктерді жақтырамын.
Сусыным қанғанынша, сімірер ем,
Бұрсаңшы маған қарай, бақ бұлағын!
Бəріне көнермін-ау,
Арманым, жалт бермесе егер мынау.
Жасырып, жанға айтпайтын құпиямды,
Жайып тастап жатасың, өлеңім-ау..!





Пікір жазу