22.05.2023
  176


Автор: Рәбиға Сыздықова

АЛ ИІНДІК.

ХVІ ғасыр жырауы Доспамбеттің: Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз Арғымақтың талдай мойнын талдырып, Үйде қалған арудың


Ал иіндігін аудырып, –


деген өлең жолдары бар. Мұндағы бұл күнде қолданылмайтын ал иіндік тіркесі нені білдіреді? Қазіргі де, бұрынғы да қазақ тіліне қатысты сөздіктерде тіркелмеген. Ел/ал/ елк/еліг деген сөздің ерте-де және өзге түркі тілдерінде «қол» деген мағынаны білдіретін сөз екендігі мәлім. Ел/ал негізінен «қол» мағынасында оғыз тобындағы тілдерге тән. Иін/иіндік сөздері «иық» деп түсіндіріледі. Сірә, ал иіндік / ел иіндік тіркесі «иықтан саусаққа дейінгі тұтас қол» деген жиынтық атау болса керек. Сонда жырау батыр Доспамбет жары-ның (аруының) құшақтаған қолын аударып тастап жорықта, дала-да (жазыда) көп жортқан екенбіз деп тұр, бұл тіркес негізінен ХV-ХVІ ғасырда жасап өткен ноғайлы-қазақ ақын-жыраулары тілінде кездеседі.





Пікір жазу