22.05.2023
  224


Автор: Рәбиға Сыздықова

АЙЫЛЫН ЖИМАУ.

 «Қамбар батыр» жырынан: Шынтақтап сен мамықты


Айылыңды жимайсың, Аяғыңды көсіліп, –


деген өлең жолдарын оқимыз. Қазақ тілінде тек болымсыз мәнде ай-тылатын айылын жимады деген тіркес бар. Сырт қарағаңда, мұндағы айыл сөзі ер-тұрман әбзелінің бірінің аты сияқты. Ал шындығында айыл – монғол тілінде «қорқыныш, үрей» деген мәндегі сөз. Сірә, бұл өте көне тіркес болу керек. Мұндағы айыл сөзі бір кезде түркі-монғол тілдеріне ортақ сөз болып «үрейін жимау», яғни «қорықпау,жасқанбау» мағынасын беретін тіркес ретінде қалыптасқан бо-лар. Бұл сияқты құрамында түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер сақталып қалған, «еншісі бөлінбеген» сірі тіркестер қазақ тілінде аз кездеспейді.





Пікір жазу