22.05.2023
128
АЙЛАСУ
. Шортанбай (XIX ғ.) ақында: Ақын, шешен көрсем деп, Айласпаңдар мендейге, –
деген өлең жолдары бар. Мұндағы айласу етістігі – жалпы қолданыс-та, яғни әдеби тілімізде жоқ, мағынасы көпшілікке түсініксіз сөз. Оны диалектолог мамандар Қостанай облысының Жанкелді ауда-нында «үйлесу, ұқсау» деген мағынада жұмсалатын жергілікті сөз деп табады. Шортанбай – өмірінің саналы жылдарында Арқада, Қарағанды, Кереку өңірлерінде жасап өткен ақын. Демек, айласу сөзі тек Қостанайдың бірер ауданына емес, ілгеріректе бүкіл солтүстік,орталық Қазақстан өлкесі тұрғындарының тіліне тән болған сөз деп тануға болады. Айласу «ұқсау» деген мағынада бұрын жалпы қазақ тіліне тән сөз болуы да мүмкін. Дегенмен сөз мағынасы мен түптөркінін әлі де іздестіру қажет.