АЙЛАНУ
. «Едіге» жырының 1934 жылы жарияланған нұсқа-сында:
Ноғайлының ауыр жұрт Абдырады, айланды, –
деген жолдар бар. Мұндағы айланды сөзінің мағынасы бұл күнде күңгірт. Бұл «жәбірлеу, қорлау, кемсіту» мағынасындағы көне айығла-(ДС, 29) сөзінің кейінгі тұлғасы болуы мүмкін. Бұл жерде сусыма-лы ғ(ығ) дыбысы түсіп қалған деуге болады: айығланды>айланды. Бұл тұлға айығла>айла- етістігінің өздік етіс формасы ретінде «жәбірленді, қорланды» мағынасын білдіреді деп түсіну керек. Бірақ бұл пікіріміз – үзілді-кесілді ұсынылған тұжырым емес. Айлану сөзінің өзге де мағыналары болуы мүмкін. Мысалы, түрікмен тілінде айла- етістігі «айнала қоршау» деген мағынада жұмсалады. Жоғарғы контекске қарағанда, айланды сөзіне бұл мағына да келетін сияқты: жаудың шабуылына душар болған ноғайлының ауыр жұрты сол дұшпанның айнала қоршауында қалды деп түсінуге де бола-ды. Дегенмен қазақ тілінде сирек жұмсалатын бұл тұлға не көненің көзі (айығланды дегеннен), не өзге түркі тілдерінің (мысалы, оғыз тілдерінің) элементі болуы ықтимал.