22.05.2023
97
Сырым бар
Жүрегімде айтылмас сырым барды,
Ақ қағазға құйылмас жырым қалды.
Алтын балық іздеген жан емеспін,
Алтын уақыт уыста сығымдалды.
Үлгерем деп көшіне ілгерінің,
Асыққанмен береді жүлдені кім?!
Қарапайым халыққа өтсе өлеңім,
Өтеуі сол ұйқысыз түндерімнің!
Өлең сенсіз жанымның оты жанбай,
Бір мұңыма мың қайғы қосылардай.
Өлең — менмін, мен — өлең, өртенейін
Сүйгеніме кетсемде қосыла алмай.
«Мың күн сынбас шөлмектей бір күн сынам»,
Тарпаң жүріс аяңдар көсіле алмай.
Өлең сені қорғаймын соңғы сəтте,
Алты ай бойы алынбас Отырардай!