22.05.2023
76
Көктемгі ой
Көк белдерге, көктеме де көз тастап,
Көңіл шіркін алабұртып қысылды.
Ағараңдап алты ай ұйықтап жатқан жер,
Арулардай ақ көрпесін ысырды.
Мына көктем не береді, немді алып,
Бір ғажайып бар екен-ау сенде анық.
Шашыраған шуағыңнан шашбауын,
Тағыныпты тал-теректер енді анық!