22.05.2023
148
Түлектерім жайнаңдар
Бағындырып белесті,
Түлектерім жайнаңдар.
Гүл бақтағы құстардай,
Тамылдытып сайраңдар.
Жансын шаттық, күйлерің,
Шуақ шашып әр таңың.
Құтты болсын түлектер,
Алға қадам басқаның.
Әр қадамың оң болсын,
Студенттік өмірде.
Биікке өрле, тоқтама,
Қаяу болмай көңілде.