22.05.2023
  186


Автор: Айбатыр Сейтақ

Толқындар бір-біріне ұқсамайды

Теңіздің толқындары кезек-кезек келіп, жағаны соғып жатады. Бір қараған адамға толқындардың легі, жылжуы бірдей болып көрінеді. Алайда, әр толқынның ағысы өзге болады екен. Бұған бейнетаспаға жазып алып, зерттеп қарасаң ғана көз жеткізуің мүмкін. Өйткені толқындар легінің бір-бірінен ара қашықтығы, жал-жал болып ағуы, бұрылыстары, тасқа соғылған кезде аспанға шапшуы — барлық осы көріністер ешуақытта қайталанбайды! Бұдан шығатын қорытынды — толқындар бір-біріне ұқсамайды.


Адамзат ұрпағы да солай. Бір-біріне ұқсас ғұмыр кешсе де, бір атадан тарап, бір әке-шешеден туса да, өмір ағыстары өз жолымен қалыптасады.





Пікір жазу