21.05.2023
165
Ақын
(1815)
Аш маған пейіш есігін,
Мұқатпа, мен мейманмын!
Адам — менің есімім,
Ерімін, тірлік — майданның.
Жарам көп қой кеудемде,
Нұрлы көзбен қарашы,—
Алдамшы ләззәт — шерменде,
Жалған өмір жарасы.
Жырладым мен фәнидің
Ізгілігін мәңгілік.
Наз жүректің налуын,—
Аң сеніммен жаңғырып.
Қанымды қиып қанша көп,
Алғы сапта толғандым.
Жүрегі маған жансын деп,
Махаббатшыл жандардың.
Маған шақ орын пейіштен!
Қолыңды бер, аңсадым.
Тірлікті мәңгі, періштем,
Санасын енді саусағың.