21.05.2023
  152


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Үр қызы және ақын

(1815)
(Лұқсат)
Үр қызы
Есігін бағып пейіштің
Тұрған мен бір сақшымын
Ентелейсің, ор түсің,
Бөгде жан, кімсің айт шынын?
Батыры боп патшаның,
Пайғамбар мен доспысың?
Парызды қандай ақтадың —
Пейішке ләзім көп пе ісің?
Батыр болсаң егер сен,
Көрсет маған жараңды.
Сонда сені жіберем,
Біліп сыйлы бағаңды.





Пікір жазу