21.05.2023
  84


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Шалма ора басыма, тәж ғып маған

(1815)

Шалма ора басыма, тәж ғып маған.
Шырай берер сол мата жарқыраған.
Иранды билегенде, Аббас шахтың,
Маңдайы мұндай тәжбен сән құрмаған.
Ескендір де басына шалма ораған,
Бұйра шашын тозаңға шалдырмаған,
Талай жұрттың болды ол падишасы,
Асылдардан артық ол жалтылдаған.
Біздің король мейлі ғой тәж дей берсін,
Атын қайтем? Ондай ат тез өзгерсін.
Інжу-маржан! Мадақта, ынтызарлар!
Ал маған шәйі жібек көрік берсін.
Уа, сүйіктім! Қайтемін тәжіңді мен?
Маңдайымды орашы, ақ жібекпен.
Қайтемін мен сұлтанның мәртебесін,
Көз шұғылаң түссе тек — шалқып кетем!


 





Пікір жазу