21.05.2023
  64


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Зылиха

(1815)

Бұл сәтті қайтіп бүркеймін?
Бақытқа енді бас ұрам.
Ұрымды сотқа бермеймін,
Олжамды алған жасырам.
Қайтеміз біз ұрлықты?
Шын сүйіп маған беріл,
сен, Ұяттан — Ынтық сыр мықты
Мейлі, ерсі көрінсем.
Еркіңмен қиған ынтаңды,
Ләззәтімен қайырам.
Ал жанымнан иманды.
Ал сәтті, түннен айырған.
Бос күбірің ұнамас!
Бақытты ғой, сүйген жан.
Аяғыма идің бас,
Асқан бақыт сол маған!





Пікір жазу