21.05.2023
90
![](/uploads/shorttexts/author_image/author-1309173220.jpg)
Пәтуа
(1815)
Хафиздің шайырлық тұлғасы —
Саф кемел шындықтың шың басы,
Дегенмен, бағзыда жарықтық
Кетеді-ау жоқ жерде ауытқып,
Дұрыс қой айыра алғаның
Жыланның уынан бал дәмін;
Кіршіксіз, күнәсіз ләззатты
Тайсалмай, құмарта татқаның,
Ал мәңгі азабы бар затты
Тәрк етіп, қолыңмен қаққаның;
Игілік жолы — осы, шүбәсіз,—
Деп сорлы Әбусуд жазыпты;
Ол бұған болса да жазықты.
Кеш, құдай, байғұстың күнасын!