21.05.2023
  84


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Үйреттім бе жендеттерді

(1814)

Үйреттім бе жендеттерді,
Айбалтамен шабысуға.
Төбелеске — тентектерді,
Жаушыларды — табысуға.
Балықшыға қармақ салып,
Ау тартуды үйреттім бе.
Тігіншіге оймақ тауып,
Іс тігуді үйреттім бе!
Сендер-дағы несіне енді.
Табиғатты күндейсіңдер.
Тал бесікте несібемді,
Өзі берген, білгейсіңдер!
Құрсаулаңдар, қымсынбаңдар,
Қайнаса күш бойларыңда.
Суреткердің ырқы заңғар
Тұрсын бірақ, ойларыңда.





Пікір жазу