meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.05.2023
  125


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Көрініс

(1814)

Күн құдай шырағы
Жаңбырмен табысса,
Нұр шеңбер шығады
Жарқ етіп алыста.
Тұманда иіліп
Ол құшақ ашқанда,
Ақ сәуле құйылып,
Жарасар аспанға!
Ғашығың жасырақ,
Бірақ, шал, түңілме,
Болса да шашың ақ,
Ләззат мол түбінде!





Пікір жазу