21.05.2023
  74


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Қалай, сәулем, оралдың көз ашқанша?

(1824)

Қалай, сәулем, оралдың көз ашқанша?
Келгеніңді сенің мен көрмей қалдым.
Қайран тәтті уақытым кетті қанша!
Соқыр болып қалдым ба? Мен аң-таңмын?
Бірақ әлі болмас бұның жұбаныш,
Сен де мені ақтарсың таппап айып.
Алдымдасың — менің сен, кетсең алыс,
Жақындасаң — боласың көзден ғайып.





Пікір жазу